Алматыда «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты студенттік этнофестиваль өтуде

АЛМАТЫ. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда студенттер арасында «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты шығармашылық этнофестиваль өтуде.

Алматыда «Қазақстан - біздің ортақ үйіміз» атты студенттік этнофестиваль өтуде

Ал ең үздік орындаушылардың гала-концерті қараша айының 19-ы күні Оқушылар сарайында болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шараның мақсатыбүгінгі таңдағы өнерде көрініс табатын Қазақстандағы этникалық топтардың дәстүрлі және заманауи мәдениетін байланыстыру; студенттер арасындағы достық қарым-қатынастың орнауына қолайлы жағдай туғызу; жастарды Қазақстан халқының дәстүрлері, мәдениеті және ұлттық шығармашылығымен таныстыру; мәдениеттің ұлтаралық диалог ретіндегі имиджін көтеру; жастардың шығармашылық тұрғыдан өркендеуіне жағдай жасап, дарындыларды анықтау; сонымен қатар қаланың қоғамдық өміріне белсенді араласуға септігін тигізу болып табылады.

         Этнофестивальдің аталымдары - музыкалық нөмір (қазақ тілінде және орындаушының ана тілінде) және би нөмірі (қазақ биі және орындаушының ұлттық биі ).

         Өнер байқауы Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқарма мен  «Жастардың шығармашылық бастамаларын қолдау орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтуде.