Алматыда Қазақстан дамуындағы әйелдер рөлі талқыланды

АЛМАТЫ. Маусымның 29-ы. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Қазақстандық әйелдер саяси өмірге белсене араласуымен әрқашан ерекшеленуде.
None
None

Қазіргі таңда Қазақстан Парламентінде 21 әйел бар, бұл - барлық депутаттардың 14 пайызы, ал мемлекеттік қызметтегі әйелдер үлесі 58 пайызды құрайды. Бұл жайында бүгін өткен «Ел қамқорлығымен қанаттанған әйел» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссия мүшесі Зарема Шаукенова айтты.

Жиын барысында университеттік білімдегі гендерлік тепе-теңдік стратегиясының жүзеге асырылуы, ғылымдағы әйел рөлі, ұлттың интелектуалды қабілетін арттыру, отбасылық құндылықты дамыту мен қоғамның кәсіби және әлеуметтік өмірі талқыланды.

ҚазҰУ-дің гендерлік білім орталығының директоры Гүлназ Ахметова қазақстандық әйелдердің ғылым мен білімге белсене араласуы адамзат ресурсының дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратындығына тоқтала келе, «Қазақстан Президентінің дұрыс саясатының арқасында еліміз гүлденіп, әйелдер қауымы дамудың үлкен мүмкіндіктеріне ие болып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда біз - қазақстандық әйелдер бақыттымыз деп сенімді түрде айта алам», деді.

Аталмыш шара Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы, ҚазҰУ-дің гендерлік білім орталығы мен философия және саясаттану факультеттерінің ұйымдастырумен өтті.

Соңғы жаңалықтар