Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ел халқына үндеу қабылдады

АЛМАТЫ. 27 желтоқсан. Қазақпарат /Айгүл Тұрысбекова/ - Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту туралы республикалық референдум өткізуді қолдаған акция өткізді.

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері ел халқына үндеу қабылдады

Отырыс ҚХА төрағасының орынбасары, «Ұйғырлардың республикалық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжан Шардиновтің басшылығымен өтті.

Онда сөйлегендер Мемлекет басшысының елде бейбітшілік пен тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді сақтаудағы баға жеткісіз рөлін атап өтті. Шара ауқымында референдумді өткізуді қолдаған Қазақстан халқы Ассамблеясыныің ел азаматтарына үндеуі қабылданды.

Онда: «Бүгінде Қазақстан Елбасының басшылығымен ауқымды әлемдік экономикалық дағдарысты нық еңсерген кезде, елімізде нәтижесі Қазақстан халқының талай ұрпағының тағдырын айқындайтын жеделдетілген индустрияық-инновациялық дамудың жауапты кезеңіне аяқ басқан кезде, Қазақстан халқы Ассамблеясы - елді, халықты қандай қиын жағдайлардан да абыроймен алып шыққан, тарихи өлшемдегі міндеттерді шешу қабілетін ісімен дәлелдеген көшбасшыға сену дұрыс деп біледі», - деп атап өтілген.

«Біз Н.Назарбаевтың Тәуелсіздігімізді орнатудың басында тұрғандығы, қазақстандық даму жолын айқындаған, тағдырлы шешімдердің оның атымен тікелей байланысты екеніне кәміл сенеміз. Тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім, небәрі жиырма жылдың өзінде жаңа мемлекет құрылып, Қазақстан таңданарлық жетістіктерге қол жеткізді және бұл орайда бізге осы даму қарқынын жоғалтуға болмайды. 2030 Стратегиясында және 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында көрініс тапқан белді міндеттер - Қазақстанның келешектегі өсіп-өркендеуінің кепілі. Ассамблея осы бағдарламалардың жүзеге асырылуын Елбасының басшылығымен ғана көреді», - делінген үндеуде.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері, этномәдени орталық басшылары қатысты.