Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды

АЛМАТЫ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы қаласы тарихы мұражайында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме ашылды.
None
None

Көрменің ашылу салтанатына Армян ұлттық мәдени орталығының өкілі, профессор Р.Г. Мнацакиян, Алматы қаласы мектептерінің оқушылары қатысты.

Көрмеге Алматы қаласы тарихының мұражайы қорындағы бірегей жәдігерлер мен әр халықтың ұлттық киімдері қойылған. Сонымен қатар Қазақстан халқының өмірінен сыр шертетін фотосуреттер, деректі-көркем материалдар, еңбек құралдары мен күнделікті өмірде қоладанылатын заттар, музыкалық аспаптар, қызықты кітаптар мен журналдар, газеттер қойылған.

Соңғы жаңалықтар