09:54, 01 Мамыр 2013 | GMT +5
Алматыда Қазақстан халқының бірлігіне арналған фестиваль өтеді
АЛМАТЫ. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Family» саябағында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Халықтың қуаты - бірлікте» деп аталатын фестиваль болады.

Бұл шараны «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастырып отыр. Онда ұлттық тағамдарды көрсету, қолданбалы өнер және қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен шығармашылық ұжымдардың концерттері және мәдени-көркемдік бағдарламалар болады. Бұл іс-шараның мақсаты - ұлттық мәдениетті сақтау, Қазақстан Республикасында тұратын барлық ұлт пен ұлыстардың дәстүрлерін жаңғырту, насихаттау және ұлысаралық, дінаралық қазақстандық модельді нығайту мен ұстану болып отыр.