Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты: 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстан» қонақ үйінде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
None
None

Қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетованың айтуынша, өрт 6 қабаттағы нөмірлердің бірінде пайда болған.

Бұл туралы хабарлама 8:03-те түскен. Оқиға орнына 4 минутта жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, теледидар мен оның астындағы үстел өртенген.

Төтенше жағдайға байланысты 468 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

Тілсіз жау 8:24-те ауыздықталып, өшірілді. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар