Алматыда «Қазақстан» қонақүйінде болған өрт кезінде 15 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданында кеше сағат 20.17-де Достық даңғылының бойында орналасқан 29 қабатты «Қазақстан» қонақүйінің 25-26 қабаттары аралығындағы жиһаздар өртенді.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарланды.
Жалын өрт сөндіру қызметінің құрылымы келгенге дейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 70 адамы мен 20 техникасы жұмылдырылды. 15 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.