Алматыда Қазақстан - Корея кәсіпкерлерінің инвестициялық форумы өтеді
АЛМАТЫ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда қараша айының 25-26 күндері аралығында «Бизнес-көш» атты Қазақстан - Корея инвестициялық форумы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Атамекен одағы" және JoongAng Media Network (Jmnet) Корея Республикасы медиахолдингінің ұйымдастыруымен өтетін форумға екі елдің медиа-бірлестіктері мен бизнес өкілдері қатысады.
Шараның мақсаты - достастық және экономикалық қарым-қатынасты одан әрі нығайту, Қазақстан және Корея кәсіпкерлерінің өзара тәжирибе алмасуларына мүмкіндік жасау және екі елдің бизнес-жобаларына инвестиция салуды белсендіру. Форум аясында «Арна Медиа» холдингі құрамына кіретін БАҚ жетекшілерінің кездесуі өтеді. Атап айтқанда, «ҚазАқпарат» Ұлттық ақпарат агенттігі мен «JoongAng Media Network» медиахолдині басшыларының кездесуі өтеді деп жоспарлануда.