Алматыда Қазақстан математикалық қоғамының ғылыми форумы болып өтті

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасында» Қазақстан математикалық қоғамының ғылыми форумы болып өтті.

Алматыда Қазақстан математикалық қоғамының ғылыми форумы болып өтті

Бұл туралы аталмыш қоғамның баспасөз қызметінен хабарланды.

Форумға елдің 200-ден астам алдыңғы қатарлы математик ғалымдары қатысты.

Форумға қатысушылар Қазақстандағы математиканың жағдайын және оның даму перспективаларын, фундаменталды және қолданбалы математикалық зерттеулер дамуының өзекті мәселелерін, пәнаралық байланыс және Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазахстан - 2050 Стратегиясына сәйкес елдің дамуы үшін өзекті қолданбалы инновациялық жұмыстарда математика жетістіктерін тиімді қолдану мәселелерін талқылады.

Зерттеулерді дүниежүзілік деңгейге көтеру және отандық ғылыми мектептерді қолдау, математикалық зерттеулер саласындағы халықаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Жас ғылыми кадрларды дайындау және жалпы білім беру үдерісінде математиканы оқыту мәселесі және оны жетілдіру талданды.

Форумға ҚР ҰҒА математик ғалымдары Б. Жұмағұлов, Т. Кәлменов, М.Өтелбаев, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті М. Садыбеков, ҚР ҰИА академигі Н. Данаев және басқа да белгілі ғалымдар қатысты.