Алматыда Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығы аталып өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығын атап өтуге қуыршақ шеберлері де қойылымның авторлары да ерекше ықылас танытты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None



Атаулы мерекеге орай қуыршақ шеберлері «Мәңгіге біргеміз» (Вместе навсегда) атты көрмеге өздері арнайы дайындаған теңдессіз еңбектерін алып келді.

«Қуыршақтар түрлі техника тәсілімен дайындалған. Олардың бірін дайындауда жұмсақ пластик пайдаланылса, келесі бірінде тоқыма техникасы қолданылған. Сондай-ақ түрлі қосарланған техникалық тәсілдер пайдаланылғандары да бар. Қазақстанның қуыршақтар әлеміне 30-дан астам шебер 95 туындысын ұсынды. Ал Ресей тарапынан 19 шебердің 55 туындысы қойылды»,-деді көрменің кураторы Оксана Танская.



Көрмеге қатысушылардың арасында: Катерина Курочкина, Роза Сәрсенбаева, Ирина Самойлова, Анастасия Елисеева, Марина Курманова, Галина Клеаповская, Ирина Итахунова сияқты хас шеберлер мен осы өнерге енді ғана ден қойған азаматтар бар. Қазақстан атынан туындыларын ұсынып отырған шеберлер Алматы, Қаскелең, Көкшетау, Семей, Зыряновск, Ридддер сияқты өңірлерден келгендер.



Мерекенің бағдарламасында әлем халықтарының тілдерінде қойылымдар қойылып, көрмеге келушілердің назарына түрлі концерттер ұсынылып, кітаптар мен электронды оқулықтардың тұсауы кесіледі. Сондай-ақ қурышақ шеберлері қонақтарға қуыршақ жасау өнерін үйретпекші.

Айта кетейік, Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық қарым-қатынастарының орнағанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгіге біргеміз» атты көрменің өтуіне Ресейдің Алматыдағы бас консулдығы мен ҚР Ә.Қастеев, атындағы Мемлекеттік өнер музейі және Қазақстан қуыршақшылар қоғамдастығы мұрындық болды.

Соңғы жаңалықтар