Алматыда Қазақстан мен Ресейдің есептеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ғалымдарының жиыны өтуде

АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Кеше, наурыздың 16-сы күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі қазақ математигі, академик Шалтай Смағұловтың 60 жылдық мерейтойына арналған есептеуіш және ақпараттық технологиялар бойынша Ресей-Қазақстан жұмыс тобының кеңесі басталды,

Алматыда Қазақстан мен Ресейдің есептеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ғалымдарының жиыны өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл басқосудың мақсаты ақпараттық технологиялардың даму жетістіктері мен келешегін талқылау, ғылыми байланыстарды нығайту және ғылыми зерттеулерде ақпараттық технологияларды қолдануды кеңейту болып табылады. Халықаралық жиынды ҚР Ұлттық инженерлік академиясының, Новосібір мемлекеттік университетінің, РҒА СБ Есептеу технологиялар институтының, Новосібір мемлекеттік техникалық университетінің қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Математика және механика ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырып отыр. «Ш. Смағұлов қазақстандық және ресейлік ғалымдар арасында ынтымақтастықтың нығаюына және елімізде математика ғылымының дамуына үлкен үлес қосты», дейді ҚазҰУ ректоры Бақытжан Жұмағұлов.