Алматыда Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары туралы фотокөрме өтеді

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда маусымның 5-і күні «Ғасырдан кейінгі қауышу: Қазақстан мен Венгрияның тарихи-мәдени байланыстары» деп аталатын фотокөрменің ашылу рәсімі өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында өтетін бұл шара венгр ғалымдарының Қазақстандағы 2006 жылғы ғылыми экспедициясына және 2007-2008 жылдардағы қазақ-венгр этнофестивальдеріне арналған. Оған ғылыми экспедициялардың және екі Құрылтайдан мәлімет беретін 110 фотосурет қойылады. Онда 2007 жылы Қостанай облысының Торғай ауданындағы Саға ауылында өткен «Ғасырлардан кейінгі қауышу» қазақ-венгр І Құрылтай ?этнофестивалі мен 2008 жылы Венгриядағы Кіші Куманиде өткен «Венгр-қазақ этнофестивалі» ІІ Құрылтайының нәтижелері баяндалады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 50 мың адам қатысқан болатын. Биыл екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдету мақсатында маусымның 7-сі күні Алматы облысы Жамбыл ауданының Аққайнар ауылында ғылыми-тәжірибелік конференция өтпек. Оған ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласы мен облысының әкімдіктері, Венгрияның Қазақстандағы Елшілігі, Венгрия Жаратылыстану тарихы мұражайы және «Ұлы Дала» (Қазақстан), «Тұран» (Венгрия) қоғамдық қорлары қолдау көрсетіп отыр.
Соңғы жаңалықтар