Алматыда Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің көрмесі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда Көркем көрмелер мен аукциондар дирекциясында Қазақстан, Өзбекстан, Иран суретшілерінің «Керуен» көрмесі ашылды.
Аталмыш шараның ұйымдастырушылары - «Арт Каюр» галереясы. Көрмеге әлемге танымал, заманауи Өзбекстан суретшілері - Атахан мен Сардор Аллабергеновтардың, Анвар Бахтеев, Исфандияр Хайдаровтың, ирандық суретші Додашидің, сонымен қатар, Қазақстан мен Өзбекстанның ардагер суретшілері - Надежда Кашинаның, Борис Брынскийдің, Владимир Санталовтың және тағы да басқа қылқалам шеберлерінің туындылары қойылған.
Көрме 7 наурызға дейін жалғасады. Кіру - тегін.