09:01, 25 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыда Қазақстан театрларының бүгіні мен болашағы талқыланады
АЛМАТЫ. 25 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда 26 наурыз күні «М.Әуезов үйі» ғылыми-мәдени орталығында «Қазақстан театрлары: бүгін және болашағы» деп аталатын республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Ол Халықаралық театр күніне және Қазақстан театр қайраткерлері одағының 50 жылдық мерейтойына арналып отыр. Мәслихатты ұйымдастырушы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты мен Қазақстан Театр қайраткерлері одағы. Конференция жұмысына белгілі театртанушы ғалымдар мен театрлардың бас мамандары және көрші мемлекеттерден шақырылған қонақтар қатыспақ. Басқосуда талқыланған баяндамалар жинақ болып басылып шығарылады деп жоспарлануда. Онда мына мәселелер талқыланбақ: театр және сын; театр және режиссура; театр және драматургия; театр және актерлік шеберлік; театр және сценография.