Алматыда Қазақстан-Жапония педиатриялық лейкемия орталығы құрылады

«Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде ведомства басшысы Жақсылық Досқалиев пен Жапония Жеке Қаржы Бастамасы Қауымдастығының өкілі Казуо Уеда Алматы қаласында Қазақстан халықаралық педиатриялық лейкемия орталығын құру туралы Меморандумға қол қойды», - деп көрсетілген бүгін таратылған баспасөз парағында.
Ж.Досқалиев, Қазақстан мен Жапония дәрігерлері арасындағы ынтымақтастықтың өте жоғары деңгейде екендігін, «көптеген қазақстандық ғалымдардың Жапонияда білімдерін дамытып қайтқанын», сәуле және соның салдарына байланысты сырқаттарды емдеуге мамандандырылған Хиросима университетімен тығыз қатынас орнағанын да атап өтті.
Мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі негізіндегі ынтымақтастық, «қазақстандық дәрігерлердің жапондық әріптестерімен қарым-қатынасты бұрынғыдан жандандыра түсетініне сенімдімін», - деді министр Ж.Досқалиев.