Алматыда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының ІІІ пленумы өтті

АЛМАТЫ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыдағы Әдебиетшілер үйінде Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының кезекті ІІІ пленумы өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан Жазушылар одағының Драматургия кеңесі ұйымдастырған бұл шара «Бүгінгі күн: қазақ драматургиясы және театр репертуары» деген тақырыпта өрбіді. «ХХ ғасыр қазақ қауымы үшін жауапты кезең болды. Қайта өрлеу, жаңғыру, жасаруды қазақ өнері бастан кешті. Сол кезде қазақ театры өзінің қарлығаштарын ұшыра бастады. Біз театрды халыққа сөзіміз өтетін, халыққа жан-дүниемізді жарқыратып ашып беретін бірден-бір алтын арқаулы кеңістік деп бағалайтын едік. Жаһандану дейтін дәуірде театрдың жаңа кезеңі басталды. Соның түйінді сәті сәуірдің 9-ы күні Лермонтов атындағы мемлекеттік орыс драма театрында Елбасының театр қайраткерлерімен болған жиынында ашық байқалды. Нұрсұлтан Назарбаев театр, репертуар, драматургия жөнінде, жаңа дәуірде қалай жазуға болады, жаңа қаһарман кім деген сұрақты бізге төтесінен қойып ұйымдастыру шараларын қалай атқаруға болатынын алдымызға тартты. Біздің көптен жоспарлап жүрген бұл басқосуымыз соның жалғасы тәрізді болып отыр», - дейді Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Нұрлан Оразалин. Нұрлан Мырқасымұлының айтуынша, пленумға Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Президент Әкімшілігінің бөлім бастығы Әлібек Асқаров және тағы басқа қонақтар мен Одақтың 180 басқарма мүшесінің 99-ы қатысты. Сондай-ақ өзге де қаламгерлер, драматургтер, режиссерлер, театр басшылары мен мерзімді басылымдардың жетекшілері шақырылды.
Соңғы жаңалықтар