Алматыда «Қазақстан - жүрегімде» өнер фестивалі өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат Алматыда өткен «Қазақстан - жүрегімде» өнер фестивалінде өзге ұлт өкілдері қазақтың әнін шырқап, биін биледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Алматыда «Қазақстан - жүрегімде» өнер фестивалі өтті

«Бұл фестиваль Қазақстанда тұрып жатқан жүздеген этнос өкілдерінің қазақ халқының өнері мен мәдениетін қаншалықты білетінін көрсетеді. Абайдың «өзге тілді білген адам сол халыққа жақын, еркін болады» деген сөзі бар», - дейді қалалық жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарма өкілдері.
null 

Сахнада түрік, ұйғыр, өзбек ұлтының өнерпаздары өнер көрсетті. «Нам сон» кәріс тобы, «Интизар» ұйғыр би тобы, «Долан» ұйғыр би тобының қыздары мың бұралып қазақ биін биледі.

Ең кішкентай қатысушы, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Кайратжанқызы Аманиса «Қуыршақ» биін билеп көрерменді таңқалдырды.

Сондай-ақ, қазылар алқасы кештің жүргізушісі Ольга Колесникованың қазақ тілін еркін меңгергендігінің арқасында кеш өте жоғары деңгейде өткенін атап өтті. 
null 

Әншілердің ішінде  1- орынды ұлты түрік Дундар Семих, 2-орынды  орыс қызы Семенова Анастасия, 3-орынды  әзірбайжан жігіті Мамедов Азиз иеленді.

Қазылар алқасы «Нам сон» кәріс бишілерінің өнерін 1-орынға лайық деп тапса, 2-орынға  «Интизар» ұйғыр ұлттық ансамблі, 3-орынға «Долан» би тобы табан тіреді.

null null null null null  null null