Алматыда Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік қазақ студенттері арасында байқау өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аталмыш оқу орынының және Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік қазақ студенттері арасында «Атамекенім - Қазақстан!» атты байқау өтіп жатыр.
None
None

Байқауға ҚазҰУ-де шет елдің 12 мемлекетінен, атап айтқанда, Франция, Сауд Арабиясы, Иран, Түркия, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және тағы да басқа елдерінен келіп білім алып жатқан студенттердің биылғы түлектері қатысуда. Олар қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы және тіл саласынан игерген білімдерін көрсетіп, сайысқа түсуде. Байқаудың негізгі мақсаты - Қазақстанға келіп білім алып жатқан шетелдік қазақ жастарының бойында атамекенге деген патриоттық сезімі мен сүйіспеншілігін ояту, шетелдік қазақ жастарын қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен ән-күйін білуге баулу, олардың әдеби шығармашылығын дамыту, қазақтың мәдениеті мен әдебиетін, ән-күйі мен биін өздері тұратын елде таныстыру, әрі насихаттау, шетелдік жастардың осы ниетін барынша қолдау болып табылады.

«Бұл шара біздің оқу орнында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Шетелдік қазақ студенттері үшін ашылған арнайы факультеттің жұмыс істей бастағанына үш жыл болды. Байқау «Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына - 20 шара» атты жобаны жүзеге асыру және жеткен жетістіктерді көрсету мақсатында ұйымдастырылуда», деді ҚазҰУ-нің тәрбие ісі және тіл жөніндегі департаментінің директоры Гүлнар Сәрсенбекова.

Соңғы жаңалықтар