Алматыда «Қазақстанда жасалған» атты жеңіл өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі ашылды

trong>Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін   «Сымбат» сән академиясында ҚР Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының 10 жылдығына орай, «Қазақстанда жасалған» атты жеңіл өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтуде,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталмыш жәрмеңкені қала әкімдігі мен «Атамекен одағы» ұлттық экономикалық палатасының қолдауымен  Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының кәсіпорындары ұйымдастыруда.

 «Жәрмеңке бірінші рет өтіп отыр. Бірақ бұл шара жалғасын табады деген үміттеміз. Көрме-жәрмеңкенің мақсаты - біріншіден, отандық кәсіпорындардың тауарларын тұтынушыға таныстыру, екіншіден, өз өндірістеріміздің не істей алатынын көрсету болып табылады. Бүгінгі шараға 10 отандық компания қатысуда. Көрмеге бұл кәсіпорындардың тауарлары, атап айтқанда, әйелдер мен ерлердің сыртқы киімдері, балаларға арналған киімдер, тау шаңғышыларына арналған спорттық киімдер, салтанатты рәсімдерге арналған киімдер, ұлттық киімдер, аяқ-киімдері, сөмкелер, сонымен қатар жоғары оқу орындарының жас дизайнерлерінің авторлық жұмыстары қойылған», дейді шараны ұйымдастырушы, «КазСПО-N» ЖШС-тің директоры Елена Свечникова.

    Көрме-жәрмеңке барысында қатысушы компаниялардың жаңа коллекцияларының таныстырылымы өтеді. Жоғары оқу орындары да өздері жасаған жеке туындыларын назарға ұсынатын болады.

    Көрме-жәрмеңке қазан айының 31-не дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар