Алматыда «Қазақстандағы ашық ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы талқыланды

АЛМАТЫ. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда БҰҰ Даму бағдараламасы аясында азаматтық қоғам саласы өкілдерінің қатысуымен жасалған «Қазақстандағы ашық ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасына арналған кезекті аймақтың қоғамдық тыңдау өтті.
None
None

Заң жобасын талқылауға Талдықорған, Тараз, Шымкент пен Қызылорда қалаларының мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары, саяси партиялардың өкілдері қатысты. Шара барысында олар заңды енгізудің болашағы, сондай-ақ оны толықтыру мен ҚР Парламентіне ұсыну мәселесі сөз болды. Қатысушылардың айтуынша, ақпаратқа қол жетімділік туралы заң маңызды әлеуметтік басымдылықтарды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ ашық ақпаратты алу-тарату тәсілдері мен тәртібін, пайдаланушылар мен иесінің құқығы мен міндеттерін анықтап, ақпартты еркін алу мен таратудың заңды жақтарын қамтамасыз етеді. «Жалпы алғанда, бұл заңның қажеттігі әбден пісіп-жетілді. Елбасы бұған дейін мемлекеттік аппараттың қызметін қоғамдық бақылауды күшейтуді бірнеше мәрте айтқан болатын. Бұл ретте аталған заң негізгі құрал бола алады», деді отырыс барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жақып Асанов.

Бұған дейін заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар Өскемен, Қарағанды қалаларында өткен еді. Онда заң жобасына қолдау білдіріліп, нақты ұсыныстар жасалған болатын.

Соңғы жаңалықтар