Алматыда Қазақстандағы білім беру мен педагогика мәселелері туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультетінің жалпы және этникалық педагогика кафедрасы ұйымдастырып отыр. Мақсат - еліміздегі барысында білім беру саласындағы инновациялар мен реформаларға педагогикалық талдау жасау.
Онда мына мәселелер қаралады деп жоспарлануда: республиканың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуында жоғары білім беру рөлін талқылау; Жаһандану әлеміндегі қоғамның қазіргі даму кезеңінде Қазақстан Республикасындағы педагогика ғылымының қазіргі күйін бағалау; Жоғары оқу орындары арасында педагогикалық инновациялар мен білімдерін алмасуға септігін тигізу; Тәуелсіз Қазақстандағы педагогика ғылымы мен білім беру дамуының болашағын, ұсынылған жолдарын жүзеге асыру қисынын талқылау.
Бұл жиынға Францияның Nice-Sophia Antipolis университетінен макроэкономика саласында философия докторы Ирина Сысоева-Массон, Ресейден Нижегородск білім беруді дамыту институты педагогика және андрогогика кафедрасының профессоры, педагогика ғылымының докторы Юрий Мануйловмейман ретіндеқатыспақ.