Алматыда Қазақстандағы бизнес жүргізу саласындағы реформалар туралы конференция өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда «Қазақстандағы бизнес жүргізу саласындағы реформалар: іске асыру барысы және болашағы» деп аталатын конференция өтіп жатыр,

Алматыда Қазақстандағы бизнес жүргізу саласындағы реформалар туралы конференция өтіп жатыр

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны ҚР Үкіметі  АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігі (ЮСАИД) мен Дүниежүзілік банкпен бірігіп ұйымдастырып отыр. Оған құзырлы органдардан және  жеке сектор мен донорлық ұйымдардан өкілдер қатысуда. Онда 5 сараптау тобының отырысы өткізілмекші. Атап айтқанда, меншікті тіркеу, бизнес ашу мәселелері бойынша  Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық қызмет көрсету комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Жолдыбаева, инвесторларды қорғау, несие алу мәселелерінде  Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары А. Алдамберген, құрылыс салуға рұқсат алу туралы  Индустрия және сауда вице-министрі Е. Мамытбеков, кәсіпорындарды жабу жайында  Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті төрағасының орынбасары  М. Әділханов,  халықаралық сауда мәселесінде Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Т. Сүлейменов баяндама жасайды деп жоспарлануда.