Алматыда Қазақстандағы еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 8-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматыда «Еріктілер қызметінің дамуы: халықаралық тәжірибе» атты  конференция өтті,

Алматыда Қазақстандағы еріктілер қызметін дамыту мәселелері талқыланды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Конференцияның негізгі мақсаты Қазақстанда жұмыс істейтін халықаралық еріктілер ұйымдарының жұмыс әдістемсін зерттеу және Қазақстанда еріктілер қызметін дамыту үшін халықаралық тәжірибені қолдану мәселелерін көтеру», дейді шараны ұйымдастырушылар.

«Еріктілер - демократиялық елдердегі ең үлкен жұмыс күштері саналады. Соңғы уақытта Қазақстанда көптеген еріктілер ұйымдары құрылды. Алайда көпшілігі тек қағаз жүзінде жұмыс жасайды. Әзірше әлеуметтік жобалар бойынша жұмыс жасайтын бұл ұйымдарды білім, экология немесе мемлекеттік органдар ұйымдастыратын шаралар толғандырмайды», дейді Public Association BOLASHAK басқарма төрағасы Фархад Қасенов.

Конференция барысында елімізде еріктілер қызметін дамыту, ақпараттық қолдау, азаматтардың қоғамға көмегін тигізу ниетін ояту мәселелері талқыланды.Шараға  БҰҰ еріктілер ұйымы, Бейбітшілік корпусы ұйымдары мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Шараны «Болашақ» Республикалық қауымдастығы  БҰҰ-мен бірлесіп өткізді.