08:19, 26 Мамыр 2009 | GMT +5
Алматыда «Қазақстандағы франчайзинг-2009» деп аталатын халықаралық форум өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда маусымның 2-сі күні «Қазақстандағы франчайзинг-2009» деп аталатын ІІ Халықаралық форум өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл шараны Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы мен Қазақстандағы АҚШ елшілігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Ресми қолдаушылары - ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Алматы, Астана қалаларының әкімдіктері. Оған Халықаралық франчайзинг қауымдастығынан, Еуропа елдері мен АҚШ, Ресей, Украина мемлекеттерінен сарапшылар шақырылған. Еліміздегі франчайзерлер, кәсіпкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың компанияларынан және бұқаралық ақпарат құралдарының 200-дей уәкілі қатысады деп жоспарланып отырған бұл шара маусымның 3-і күні Астанада жалғаспақ. Оған 150 адам қатысады.