Алматыда «Қазақстандағы франчайзинг» ІІ халықаралық форумы өтіп жатыр

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тұрақсыз экономикалық ахуал компаниялардың кейбіріне жаңа мүмкіндіктер тудырса, өзгелеріне барлық есіктерді жабуда.
None
None
Бұл жайлы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстандағы франчайзинг ? 2009» ІІ халықаралық форумында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Франчайзинг агенттігінің Қазақстандағы алғашқы форумын өткізгеніне бір-ақ жыл болса да, осы уақыттың ішінде көп өзгерістер орын алды. Мемлекет пен муниципиалды органдар, қаржы құрылымдары мен бизнес-қоғамдастықтары өкілдерін жинап, тұрақты өзгерістер жағдайындағы франчайзингтің болашағы мен рөлін талқылауға қажеттілік туындады. Тұрақсыз экономикалық ахуал компаниялардың кейбіріне жаңа мүмкіндіктер тудырса, өзгелеріне барлық есікті жабуда. ҚР Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Талғат Акуовтың пайымдауынша, қазір көптеген кәсіпорындар бизнестің өсімін қамтамасыз ету үшін өз ресурсын қалай тиімді жұмылдыруды білмейді. Олар өздерінде не барын көрмейді. Ал алға шығу үшін дәл қазіргі кезде ұмтылыс жасау керек. «Сол себепті бұл форум қоғамдық франчайзинг пен тауар белгілері желісін тамақтану, сауда, білім беру мен түрлі қызмет көрсету салаларын сапалық тұрғыдан қайта құру құралы ретінде пайдаланудың мүмкіндіктерімен таныстыруға арналып отыр», дейді ол.
Соңғы жаңалықтар