Алматыда Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің даму кезеңдері талдануда

АЛМАТЫ. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің ХІІ ғасыры» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр.

Алматыда Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің даму кезеңдері талдануда
Бұл мәслихатты Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институты, ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығы және «Тұран» университеті бірлесіп ұйымдастырып отыр. Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлінің айтуынша, аталмыш конференцияның мақсаты - Қазақстандағы ислам ғылымы мен мәдениетінің даму кезеңдеріне талдау жасау. Сондай-ақ әлемдегі ислам ғылымы мен мәдениетінің бұдан ары қарай даму кезеңдерін анықтау және қазіргі заманның сын-тегеуріндеріне жауап қайтару болып табылады. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Мысыр және Ресей ғалымдары қатысуда. Конференцияның секциялық мәжілістері: «Қазақстандағы ислам мәдениетінің дамуындағы негізгі кезеңдері. Қазақсан және мұсылман әлемі: дәстүрлі байланыстарды қалпына келтіру», «Қазақстан дәне Орталық Азияның тарихы мен мәдениеті бойынша агиографиялық жазба дереккөздер. Қазақстандағы арабографиялық жазу мәдениеті. Кітабилықтың жайылуы мен дамуының негізгі кезеңдері», «Ислам ғылымының батыс өркениетіне тигізетін ықпалы: мұсылман әлемі және батыс тұжырымдамасына орай» деген тақырыптар бойынша өтуде.