17:24, 11 Мамыр 2010 | GMT +5
Алматыда «Қазақстандағы қайырымдылық» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Ағымдағы жылдың 20-шы мамырында Алматыда «Қазақстандағы қайырымдылық» атты бірінші халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Бұл жайында бүгін арнайы өткен баспасөз мәслихатында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш шараны «Бауыржан» қоғамдық қоры мен «Аяла» қайырымдылық қоры ұйымдастырмақ.
«Конференцияны өткізудегі басты мақсатымыз - еліміздегі қайырымдылықты дамыту мәселелерін жете түсіну және әлеуметтік саясат пен қайырымдылық салаларында жұмыс істейтін халықаралық мамандар мен ғалымдардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету», дейді «Бауыржан» қоғамдық қорының президенті Жұлдыз Омарова.
Сондай-ақ ол ҮЕҰ-ға әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуіне жағдай жасау керектігін айтады. «Мысалы, Шеврон сияқты үлкен компаниялар қаржылай көмектескісі келеді, сондықтан оларға БАҚ, салық салу тұрғысынан көмектескен жөн», дейді Ж.Омарова.