Алматыда «Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» атты республикалық конференция өтті

Ы. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін  Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» атты республикалық конференция өтті,

Алматыда «Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясат: болашаққа көзқарас» атты республикалық конференция өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Республикалық конференция  ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Алматы қаласының ішкі саясат басқармасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің, ЮНЕСКО кафедрасының, аймақтық әріптестер және «Әріптес» атты үкіметтік емес ұйымдардың Алматы Конфедерациясының (АКНО)  ұйымдастыруымен өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспа ісі және редакциялау кафедрасының доценті Алмагүл Құрманбаеваның айтуынша,   журналистика факультеті 1 жыл бойы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы аясында еліміздің жеті  аймағында Астана мен Алматы қалаларында, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Орал және Шығыс Қазақстан облыстарында Қазақстандағы мемлекеттік ақпараттық саясаты туралы  әлеуметтік зерттеу жүргізген.

 «Бұл аймақтарда ақпараттық кеңістіктің өсу динамикасы зерттеліп, журналистика факультетінің жетекші профессорлары, доценттері журналистерге арнап сынып-шеберлігін өткізді.

«Еліміз әлемге танымал болуда, сондықтан жас журналистерді мемлекеттік ақпараттық саясатқа үйрету керек. Біздің атқарып жатқан іс-шараларымыздың мақсаты - мемлекеттік ақпараттық саясатты дұрыс жолға қою, журналист қауымына дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады», дейді Алмагүл Құрманбаева. Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсету мақсатында ақпараттық технологияны пайдалану туралы оқыту модулі мен әдістемелік құралдар дайындалып жатыр.

Жиын барысында республикалық конференцияның бағдарлама жобасы ұсынылды. Жобаның нақты мәліметтері 2010 жылдың қаңтар айының басында жарияланатын болады.