Алматыда Қазақстандағы өмірді сақтандыру туралы конференция өтіп жатыр

rong> Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Асылбек Қасымхан/ - Бүгін Алматыда «Қазақстандағы өмірді сақтандыру: мәселелері мен келешегі» деген  конференция өтіп жатыр,

 Алматыда Қазақстандағы өмірді сақтандыру туралы  конференция өтіп жатыр

деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 Бұл шараны «Мемлекеттік аннуитеттік компаниясы» өмірді  сақтандыру  компаниясы» АҚ ұйымдастырып отыр. Мақсат - Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығын дамытудың негізгі мәселелерін анықтау. Конференция жұмысына еліміздегі өмірді сақтандыру компанияларының басшылары,   ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен  ҚР Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігінің, Munich Re - Мюнхендік қайта сақтандыру қауымдастығының,  Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысуда.

 «Қазіргі таңда Қазақстанда өмірді сақтандыру компанияларын біріктіретін,  сақтанушылар мен  сақтандырушылардың құқықтарын қорғайтын жеке ұйым жоқ. Сақтандыру қызметтерін көрсетудің жоғары стандарттарын жасауда күш біріктіретін кез келді», дейді «МАК» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қуат Әкежанов.

Жалпы қазіргі кезде республиканың сақтандыру нарығында жұмыс жасайтын 43 компанияның  жетеуі өмірді сақтандырумен айналысады. Қыркүйектің 1-індегі дерек бойынша бұл салада жиналған сыйақылар 5 381 миллион теңге болды. Өмірді сақтандыру бойынша жиналған сыйақы көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,5 пайызға өскен.