18:23, 13 Қараша 2013 | GMT +5
                                        Алматыда Қазақстандағы жаңа медиа туралы халықаралық конференция өтіп жатыр
                                            АЛМАТЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазақстанда жаңа медианың дамуы: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция өтіп жатыр.
                                        
                                        
                                     
                                              Іс-шараны Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасы ұйымдастырып отыр. Бұл шарада ғаламтор әлемдік ақпараттық кеңістікті қалыптастырып, журналистиканың тың саласы - жаңа медианы жасағандығы сөз болуда. Конференция жұмысы жаңа мыңжылдықтағы ақпараттық технологиялардың «Ақпараттық қоғам заманындағы журналистика», «Қазақстандағы интернет журналистиканың дамуы», «Жаңа медиаға мамандар даярлаудағы өзекті мәселелер» деген бағыттар бойынша өтуде.