Алматыда Қазақстандағы жастар саясаты талқыланды

АЛМАТЫ. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің саясаттану және философия факультетінде «Жастар және Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты» деген тақырыпта «Политолог» студенттер клубының осы маусымдағы соңғы мәжілісі өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға саясаттанушылар, Қазақстан Жастар одағының, "Саяси конъюнктура" орталығының өкілдері және ЖОО-ның студенттері қатысты.

"Жастардың әлеуетін іске асыру үшін, олардың өз тарапынан бастамашылдық керек және мемлекеттің қолдауы қажет", деді отырыс барысында сөз сөйлеген саяси-гуманитарлық конъюнктура орталығының директоры, саяси ғылымдар докторы Есенжол Алияров.

Ол сонымен қатар, "мемлекет жастар саясатын қалыптастыра отыра, келешекте маңызды әлеуетті салмағы бар жастардың қоғамның белсенді мүшесі екендігін ескереді", деп атап өтті.

Студенттер және клуб мүшелері қонақтарға сұрақ қоя отырып, бұл саладағы саясаттың негізгі бағыттарын ғана емес, сонымен қатар бүгінгі заман жастарының мәселелерін де талқылады.

Қазақстан Жастар одағының төрағасы Әсет Тұрдығұлов Одақтың жұмысымен таныстырып, өз бастамалары жайында, республиканың барлық аймағындағы жастар бірлестіктерімен ынтымақтастығы туралы айтып берді.

Жиын соңында клуб мүшелері азаматтық белсенділіктерін көрсетіп, Алматы облысындағы Көлсай көлін тазалауға арналған "Су қоймаларын тазалау күні" атты жобаға атсалысуға шешім қабылдады.

Бүгінде Қазақстан тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайды.

Соңғы жаңалықтар