14:20, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Алматыда қазақстандық археология мен этнологияның жетістіктеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
АЛМАТЫ. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Сәуірдің 29-30 аралығында Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ІІІ Оразбаев оқулары мен археология және этнология кафедрасының құрылғанына 40 жыл толуына орай «Қазақстандық археология мен этнология: қазіргі жетістіктері және инновациялық технология» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты - қазіргі заманғы археология мен этнология мәселелерін зерттеу, жаңа технологиялық әдістерді пайдалану.
Аталған шараға Германия, Ресей, Украина, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің ғалымдары мен отандық археологтар мен этнологтар қатысады.