Алматыда қазақстандық этносаралық келiсiм үлгiсiнiң алға басу жолдары талқыланады
АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат / Әділет Мұсахаев / - Қоғамдағы сәйкестік пен тұрақтылықты сақтай отырып Қазақстанда тұратын барлық этникалық қауымдардың мәдениетiн қалай сақтап, дамыту керек?
Осы тақырып төңірегіндегі сұрақтар 17-ші ақпан күні Алматыда «Қазақстандық этносаралық келiсiм үлгiсiнiң алға басуы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде талқыланатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңа жоба Қазақстан менеджмент, экономика және болжаулар институының «ҚМЭБИ - Даму - Форумы (ҚДФ)» шеңберiндегi бiрiншi шара мәжiлiсі болып табылады. Бұл жобаға мұрындық болып отырған халықаралық журналист Шираз Парача. Қазіргі уақытта ол ҚМЭБИ-де студенттік сұрақтар бойынша декан қызметін атқаруда.
ҚДФ ЖОО-ның студенттiк қауымдастығымен әлемде және елде орын алған маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларды талқылап, пiкiрталастар өткiзу мақсатыда құрылған. Жаңа бірлестіктің ұраны - «ойыңмен бөліс, айқын пiкiр айтып, көзқарасыңды білдір».
«ҚДФ ең өзекті мәселелер талқыланатын платформаға айналады. Студенттер пікірталасына белгілі саясаткерлер, Қазақстан халқы қауымдастығының өкілдері, дипломаттар мен кәсіпкерлер, жазушылар, ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар және дiни конфессиялар өкілдері қатысады», деді Ш.Парача. Оның айтуынша, жаңа жоба ҚМЭБИ-ді зияткерлік даму орталығына айналдыруға және білім беруге көмектеседі.
ҚДФ-тің алғашқы жиынында Қазақстандағы ұлтаралық саясат пен еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау бағытындағы Н.Ә. Назарбаевтың ұмтылысы талқылынбақ. «Елбасы жастарға деген өз үндеуінде «халықтың бірлігі - жетістікке жетер жолдың кілті», деп бірнеше рет айтқан болатын», дейді Ш.Парача.