Алматыда қазақстандық қамту мәселелеріне арналған конференция өтеді

АСТАНА. Қазанның 20-сы. ҚазАқпарат - Қазанның 21-і мен 22-сі күндері Алматыда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі «NADLoC» акционерлік қоғамы мен Алматы қаласының әкімдігімен және Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығымен бірлесе отырып, «Жеңіл өнеркәсіпті қазақстандық қамту» тақырыбында конференция ұйымдастырады.

Алматыда қазақстандық қамту мәселелеріне арналған конференция өтеді

Аталмыш шараға қауымдастықтар мен салалық кешендер одағының басшылары, Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктері мен Кедендік бақылау комитеті, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы сияқты ұйым, мекеме басшыларымен бірлесе отырып, қазақстандық қамту саласында орын алып отырған мәселелер төңірегінде мәселелер талқыланатын болады.