Алматыда Қазақстанның 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясатының тұжырымдамасы талқыланды

         АЛМАТЫ.  Қыркүйектің 7сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Қазақстанның 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясатының тұжырымдамасы - мемлекеттің тұрақты дамуы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Елбасы қол қойған Қазақстанның жаңа құқықтық концепциясы жүйелі және жаңа бағытты, жетілдірілген құжат болып табылады.ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың айтуынша, қазіргі заманауй мемлекет білім, ғылым, денсаулық сақтау сынды негізгі 3 салаға басымдылық беруі тиіс. «Егер осы 3 бағытты дамытсақ, мемлекет сөзсіз үлкен жетістіктерге жетеді.Сондықтан ҚР 2010-2020 жылдар аралығындағы құқықтық саясаты тұжырымдамасының жасалуы еліміздің құқық ғылымын, ең бастысы елімізді дамытуға үлкен септігін тигізеді» деді С.Сартаев.

         Отырыс барысында құқықтық саланы жетілдіру мен оның мемлекеттегі орны туралы мәселелер де сөз болды.Шараға ҚР Президенті Әкімшілігінің, Сенат пен Мәжіліс, Жоғарғы сот, Конститутциялық кеңес өкілдері, белгілі ғалымдар қатысты.

Соңғы жаңалықтар