Алматыда Қазақстанның аграрлық ғылымы туралы алқалы жиын өтеді
АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 10 сәуір күні «Қазақстан аграрлық ғылымының дамуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны болады.
Бұл шараны Қазақ ұлттық аграрлық университеті; Ауыл шаруашылығының ғылым академиясы; Ұлттық биологиялық орталығы; М.Айтқожин атындағы биология және биохимия молекула институты; Микробиология және вирусология институты бірлесіп ұйымдастырып отыр. Онда ғылыми-техникалық бағдарламаға негізделген және қалыптасқан зерттеулерді жаңарту мақсаттары талқылаудан өтеді. Талқыланатын мәселелер қатарында агроөнеркәсіп кешеніндегі энергия үнемдеу технологиясы, мал шаруашылығы мен мал азығы өндірісі және жаңарту шаралары, шалғайдағы мал шаруашылығы және суармалы жерлер, сумен қамтамасыз ету жүйелері бар.