16:01, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
Алматыда Қазақстанның әлемдік дағдарыстан шығу жолдары туралы дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр
АЛМАТЫ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда «Қазақстанның дағдарыстан шығу жолдары» деп аталатын дөңгелек үстел жиыны өтіп жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оны Қазақтың әл- Фараби атындағы ұлттық университетінің экономика және бизнес факультеті ұйымдастырып отыр. Бұл шара Қазақстанның әлемдік дағдарыстан шығу механизмдерін жетілдіруге арналған. Техника ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ректор Бақытжан Жұмағұловтың айтуынша, бүгінде барлық ел мен құрлықты дүрліктіріп отырған әлемдік дағдарыс ? күллі экономикалық қағидалар мен әлемдік тәртіпті түбегейлі өзгертетін ерекше құбылысқа айналды. Дағдарысты еңсеру үшін ең алдымен ғалымдар, экономистер, қаржыгерлер мен бизнес өкілдерінің күштерін біріктіру керек. Сондай-ақ оның мәнін түсіну үшін талдаулар жүргізіліп, тың әдістер жасалуы қажет.