Алматыда Қазақстанның лаңкестікке қарсы жүйесі туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді
Қазақстанда елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты құқықтық база («Экстремизмге қарсы тұру туралы» Заңы, «ҚР ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңы, «Діни қызмет және діни ұйымдар туралы» Заңы) жасалған. Сондай-ақ тиым салынған экстремисттік және лаңкестік ұйымдардың тізімі де жасалған. Алайда соңғы кезде ел аумағында орын алған бірқатар лаңкестік оқиғалар жұртшылықты ерекше алаңдатып отыр. Мамандардың айтуынша, қоғамның, талдау құрылымдардың, құқық қорғау ұйымдарының және БАҚ-тың қатысуынсыз экстремизммен және лаңкестікпен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті азаматтық қоғамның институттары елдегі лаңкестікке қарсы жүйенің әлсіз жақтарын анықтауда мемлекетке көмекке келіп, экстремизм мен лаңкестікке қарсы тұруда мемлекет пен қоғамның әрекеттерін біріктіру бойынша өзінің тәжірибелік ұсыныстарын жасамақ.