Алматыда"Қазақстанның ұлттық қоры және орнықты даму инвестициялары" зерттеу нәтижелері таныстырылды

АТЫ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ұлтық қор соңғы жылдары айқындала түсті. Бұл жайлы Сорос-Қазақстан қорының Қамқоршылар кеңесінің мүшесі Наргис Қасенова бүгін Алматыда "Қазақстанның ұлттық қоры және орнықты даму инвестициялары" зерттеу нәтижелерінің таныстырылымында айтты.
None
None

"Ұлттық қор 2000 жылдан бері Сорос-Қазақстан қорының назарында болып келді. 2003 жылы біз ағылшын және орыс тілдерінде "Каспий мұнай кірістері. Кім ұтысты болады" деген есепті жарияладық. Онда Қазақстан мен Әзербайжаның ұлттық қорды басқару қағидалары қарастырылып, Үкіметке ұсынымдар жасалған еді", - дейді Н. Қасенова. Оның айтуынша, Сорос-Қазақстан одан кейінгі жылдары қосымша зерттеулер жүргізіп, ұсынымдарын толықтырып келді. Жаңа есептер жариялап, конференциялар өткізіп, деректі фильм түсірді. Алайда жалпыхалықтық жинақ деген атауға ие болған Ұлттық қор туралы жұртшылықтың мағлұматы әлі төмен.

"2003 жылдан бері Ұлттық қордың айқындығы артты. Қаржы министрлігінің сайтынан қор туралы және оның есебі туралы мәліметтер алуға болады", - деді Наргис Қасенова.

Соңғы жаңалықтар