Алматыда қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу туралы семинар-тренинг өтеді

АЛМАТЫ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда мамырдың 28-29 күндері «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында семинар-тренинг өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оны Сорос Қазақстан қоры мен ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы өкілдігінің қолдауымен «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ұйымдастырып отыр. Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен басқа жұртшылық өкілдері шақырылған. Оған осыдан екі ай бұрын «Блоггер болғым келеді», «Қазақтілді БАҚ және жарияланған жаңа медиа» тақырыпта жарияланған байқауда мақалалары үздік деп табылған 26 журналист қатыспақ. Оның алтауы Алматы қаласынан, ал 20-сы республиканың өзге аймақтарынан келеді. Олардың арасында алматылық Өркен Кенжебек, ақтөбелік Асқар Ақтілеуов, астаналық Бүркіт Нұрасыл, атыраулық Нұрберген Мақым, жаркенттік Дәулет Қасым, қарағандылық Әлия Сембекова, қостанайлық Ерлан Қалмақ, қызылордалық Мөлдір Қожахметова, павлодарлық Ғабит Бөкенбай, өскемендік Серік Әділхан, семейлік Тоты Атышева, тараздық Гүлнұр Ембердиева мен түркістандық Ертай Жалғас бар.

Соңғы жаңалықтар