Алматыда қазақтың ежелгі саяси-экономикалық, мәдени қатынастар жүйесінің жүйесінің ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 25-і күні «Қазақтың ежелгі саяси-экономикалық, мәдени қатынастар жүйесінің ерекшеліктері» деген тақырыпта дөңгелек үстел жиыны болады,

Алматыда қазақтың ежелгі саяси-экономикалық, мәдени қатынастар жүйесінің жүйесінің ерекшеліктері туралы дөңгелек үстел жиыны өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің магистратура және PhD докторантура институтының саясаттану және әлеуметтік-экономикалық» пәндер кафедрасы ұйымдастырып отыр. Бұл алқалы басқосу жеті ата жүйесінің қазақ халқының саяси экономикалық, мәдени өміріндегі рөлін, оның жаңа заман талабына сай еліміздің бәсекеге қабілеттілігін өсіруде оңтайлы орта бола алуын айқындап көрсетуге арналған. Онда қан тазалығы, әйел мен еркектің теңдігі, өзіне-өзін танытып адамдыққа, туысқандыққа, имандылыққа, сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелейтіні, жұмыссыздыққа, жетімдікке, жесірлікке, тексіздікке, тәрбиесіздікке, отансыздыққа, опасыздыққа, қарсы бола алатын құбылыс екендігі жан-жақты талқыланады деп жоспарланып отыр.