10:27, 09 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Алматыда «Қазақтың халық эпосы. Қазақ халқының тарихи мен дәстүрі» атты республикалық көрме байқау өтеді
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында «Қазақтың халық эпосы. Қазақ халқының тарихи мен дәстүрі» атты республикалық көрме байқау өтеді.

Шара 12 желтоқсан күні ашылады.
Елімізде алғаш рет қолға алынып отырған жобаға Қазақстан қылқалам шеберлері зор ынта танытып отыр. Оған 90 автор қатыспақ.
Шара мақсаты - мазмұны мен техникалық орындалу сапасы, көркемдік деңгейі барынша жоғары көркемсурет туындыларын жасау.
«Қазақтың халық эпосы. Қазақ халқының тарихи мен дәстүрі» атты республикалық көрме байқау ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған.
Көрменің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, ҚР Тұңғыш президенті қорының, Алматы әкімдігінің, шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері шақырылып отыр.