Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының IX спартакиадасы өтіп жатыр
trong>Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Бүгін Алматыда салауатты өмір салтын насихаттауға арналған «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының дәстүрлі IX спартакиадасы басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Қазатомөнеркәсіп» басшысы Владимир Школьниктің айтуынша, спорттық шараға 600-ге жуық адам қатысуда. «Спортпен айналысу Елбасының тікелей тапсырмасы және Нұрсұлтан Назарбаев теннисші, гольфші, шаңғышы, жақсы шабандоз ретінде ең жарқын үлгі көрсетуші. Осы бағытты жалғастыру мақсатында шараға «Қазатомөнеркәсіп» құрамына кіретін компаниялардың өкілдері келіп отыр», деді В.Школьник.
Шараға Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Алматы облыстарындағы «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес кәсіпорындарынан 21 команда қатысуда. Олар алдағы 5 күн бойы шағын футбол, волейбол, пинг-понг, бадминтон, шахмат, жүгіруден өзара сайысқа түседі. Спартакиада 28-ші тамызда салтанатты түрде жабылып, жеңімпаздар марапатталады.