Алматыда қазір 28 мың шетелдік тұрады - қала әкімі
АЛМАТЫ. 25 маусым. ҚазАқпарат - Алматыда қылмыстың 50 пайызы шетелдіктердің қатысуымен жасалады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін құттықтаған кезде айтты.
«Алматыда қазір 28 мың шетелдік тұрып жатыр. Оның 22 мыңы Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан сияқты жақын елдерден, ал 6 мыңы - алыс шет мемлекеттерден келгендер. Олардың көбі еңбек миграттары», - дейді А. Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, шетелдіктер қала тұрғындарының 0,1 пайызын құрайтынына қарамастан, қылмыстың 50 пайызы солардың үлесінде. Басында баспанасы, қалтасында қаржысы жоқ болған соң ұрлық пен тонаушылықтан адам өлтіруге дейін барады. Сондықтан бұл жағдайды реттеу үшін көші-қон полициясы қыруар іс-шараларды жүзеге асыруы тиіс.