Алматыда қазіргі олимпиадалық спорт мәселесіне арналған ғылыми конгресс жалғасуда

анның 9-ы. ҚазАқпарат - Алматыда «Қазіргі Олимпиадалық спорт және баршаға арналған спорт» атты  ХІІІ Халықаралық ғылыми конгресс жұмысы жалғасуда,

Алматыда қазіргі олимпиадалық спорт мәселесіне арналған ғылыми конгресс жалғасуда

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алқалы жиын аясында дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-гуманитарлық проблемалары, қазіргі олимпиадалық спорт, спорттық медицина, спортшылардың тамақтануы мен дене күштерін бейімдеу, дене шынықтыру мен спорт бойынша маман даярлаудағы инновациялық технологиялар секілді мәселелер талқылануда. Сонымен бірге, ғылыми конгресс барысында «Спортшыларды шынықтыру барысында таулы жерлерді және жасанды гипокцияны пайдалану» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылуда. Спорт мәселесімен айналысатын жас ғалымдар арасында ең жақсы ғылыми еңбекке де конкурс өткізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, қазанның 8-де аталған конференцияға қатысушыларды Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қабылдаған болатын. Онда қала басшысы Алматы қаласының еліміздегі үлкен әрі көрікті шаһар ғана емес, негізгі спорттық орталыққа айналып отырғанын жеткізіп, 2011 жылы Алматыда өтетін  Қысқы Азия  ойындарына дайындық барысын әңгімелеген. Сонымен бірге, А. Есімов халықаралық жарыстар үшін Алматының спорттық базасы жоғары екендігін де сөз еткен болатын.   

   Қазанның 7-де басталған халықаралық ғылыми шара ертең, қазанның 10-на дейін жалғасады. Конгресс жұмысына әлемнің 38 елінен келген 500-ге тарта делегат қатысып отыр.