Алматыда қазіргі таңда түрлі салаларда 600 мың 656 адам жұмыс жасайды ? қала әкімінің орынбасары

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат / Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда тұрғындардың 30 пайызы кәсіпорындарда жұмыс жасайды. Оны қала әкімінің 1-ші орынбасары Мәулен Мұқашев бүгін Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан - дамуға» деп аталатын Жолдауын талқылауға арналған қала активінде айтты,

Алматыда қазіргі  таңда түрлі салаларда 600 мың 656 адам жұмыс жасайды ? қала әкімінің  орынбасары
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматыда қазір экономиканың түрлі салаларында 600 мың 556 адам жұмыс жасайды. Олардың 80,36 мыңы өнеркәсіпте, 80,32 мыңы құрылыста, 114 мыңы сауда мен өзге де қызметтерде, 108 мыңы білім мен денсаулық саласындағы әлеуметтік қызметте, 54 мыңы көлік пен байланыс саласында еңбек етеді», дейді М. Мұқашев. Мәулен Шапанбайұлының айтуынша, қала тұрғындарының 30 пайызын жұмыспен қамтамасыз етіп отырған 35,5 мыңнан астам кәсіпорынның, 94 пайызында жұмысшыларының жалпы саны 50-ден аспайды. Әлемдік дағдарысқа байланысты биыл өндіріс көлемі айтарлықтай төмендейді деп жоспарланып отыр. Соның салдарынан 12,8 мың адам жұмыстан босатылуы мүмкін.