Алматыда қазіргі заманғы ислам мәдениеті туралы халықаралық ғылыми конференция өтеді

АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда ертең, наурыздың 11-і күні «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және қазіргі заманғы ислам мәдениеті» деп аталатын халықаралық ғылыми конференция өтеді,

Алматыда қазіргі заманғы ислам мәдениеті туралы халықаралық ғылыми конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында өтетін бұл шараны Философия және саясаттану институты ұйымдастырып отыр. Мақсат - қазіргі заманғы ислам мәдениетінің өзекті мәселелерін, оның бүгінгі замандағы және әлемдік мәдениеттегі маңызы мен бұл үрдістегі Хожа Ахмет Ясауидың рухани мұрасының рөлін бірлесіп талқылау. Бұл Қазақстан қоғамын шоғырландыру және жастарды тәрбиелеуде бұрынғы рухани мәдениеттің үздік үлгілерін пайдалану үшін қажет. Конференция жұмысы - "Қожа Ахмет Ясауи және ислам мәдениеті", "Ясауи суфизмі және қазіргі заманғы философиялық дискурс", "Ясауидің рухани-өнегелі дүниетанымы, қазіргі заманғы мәдени келісім, ұлтаралық қатынас және мәдени ықпалдастық", "Хожа Ахмет Ясауи мұрасы және қазақ мәдениеті, философия, мемлекеттілік", "Білім мен тәрбиедегі рухани-өнегелі құндылықтар: Ясауи және қазіргі заман", "Сенім және білім: қазіргі заманғы ислам мәдениетіндегі ғылым және дін", "Ислам мәдениеті және қазіргі заманғы дінаралық сұхбат", "Ислам мәдениеті және қазіргі заманғы саяси үрдістер", "Жаһандану және қазіргі заманғы ислам мәдениеті" деген бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланып отыр.