Алматыда Қазпоштаның орталық кеңсесі тоналды

АЛМАТЫ. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыда Қазпоштаның орталық кеңсесі тоналды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Алматы қаласы бойынша ІІД басшысының баспасөз хатшысы Ермек Болтаев айтты.
None
None

Оның айтуынша, кеше кезекші пультіне Қазпошта кеңсесіне қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті.

«Анықталғандай, беттеріне бетперде киген екі ер кісі Қазпошта орталық кеңсесін тонаған. Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан ғимаратқа олар еркін ену жолымен кірген және күшпен қорқытып, 46 жастағы күзетшіні скотчпен байлап тастаған. Осыдан кейін электр араның көмегімен Қазпошта қызметкерлеріне жалақы беретін терминалды ашады, ақшаны ұрлап, қашып кетеді. 179 баптың екінші бөлімі «Қарақшылық шабуыл» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыскерлерді іздеу жүргізілуде», - деп қосты Е.Болтаев.

Соңғы жаңалықтар