Алматыда «Қазпоштаның» жаңа бөлімшесі ашылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Енді тұрғындар пошта қызметімен қатар, сол жерде қаржылық қызметтерді де пайдалана алады. Жаңа бөлімше соңғы үлгідегі барлық талаптарға сай жабдықталған. Ғимарат толық компьютерленген, жоғары сапалы телефон байланысы, күзет және оқыс өрт жағдайында белгі беру құрылғыларымен қамтамасыз етілген.
«Бұл ашылып отырған №66-шы пошта бөлімі аудан тұрғындарына көрсететін қызметіміздің сапасын арттыруға мол мүмкіндік береді. «Қазпошта» Алматы филиалы АҚ пошта қызметімен қатар, қаржы қызметтерін де жүргізеді. Мұнда ақша аудару, жедел аудару, тұрғын үй және салық төлемдерін қабылдау, зейнетақы, жәрдемақы, жалақы және т.б. қызметтері көрсетілетін болады», деді «Қазпошта» АҚ-ның «Алматы штамп» Алматы филиалының директоры Сәуле Егембердиева.
Бүгінде «Қазпошта» АҚ бүкіл республиканы қамтып отырған ірі пошта желісіне ие. Оның құрамына 3500 ауылдық жерлер де кіреді. Жаңа №66-шы бөлімше 10 мың адамға қызмет жасайтын болады. Оның ішінде, 300-і зейнеткерлер болса, 12-сі заңды тұлғалар. Ішінде операциялық зал мен қойма және сейфі бар ғимарат 112.7 шаршы метр аумақты алып жатыр.