Алматыда «ҚазҰТУ көктемі» дәстүрлі студенттер фестивалі өтті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Таңжарық Ильясұлы/-Алматыдағы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде дәстүрлі «ҚазҰТУ көктемі» атты студенттер фестивалі өтті,

Алматыда  «ҚазҰТУ көктемі» дәстүрлі студенттер фестивалі өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Биылғы шара Университеттің 75, Қ.Сәтбаевтың 110 жылдығына арналды. «Қазақстандағы бірінші техникалық жоғары оқу орыны Қ.И.Сәтбаевтың атымен аталғалы 10 жылдай уақыт болды, ал аталмыш фестиваль 1965 жылдан бері әр көктем сайын студенттер арасында ұйымдастырылып келеді. Фестиваль мақсаты- жастарды адамгершілікке, елін, жерін сүюге үйрету, Қ.И.Сәтбаевтың тастап кеткен ғылыми мұрасын ары қарай жалғастыру», дейді фестивальді ұйымдастырушылар. Университеттің 10 институты қатысқан фестивальда 25 аталым бойынша ең үздік шыққан талантты студенттер мен оқытушылар марапатталды. Оларға университет тіккен бас жүлде, сондай-ақ бірінші, екінші, үшінші орын және көрермендер көзайымы жүлдесімен қатар «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы бөлімшесінің арнайы сыйлығы тапсырылды. 7 мыңнан астам студент, 2000 оқытушы қатысқан бұл фестиваль Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың 75 жылдығы, Қ.Сәтбаевтың 110 жылдығы, Жастық-Көктем-Махаббат тақырыптары бойынша өтті.Фестивальда ұстаздар қауымы да ұмытылып қалмады. Шара барысында ең үздік ғылыми еңбектері үшін жыл сайын тағайындалатын университеттің Қ.И.Сәтбаев атындағы сыйлығы ғылыми конференцияда атақты ғалым, экономика ғылымының докторы, Ұлттық академяның академигі Едіге Түркебаевқа берілді.